3.04.2026, 17:15
Оқылды: 69

Жайық өзеніндегі су деңгейі қаншаға дейін көтерілуі мүмкін

Трансшекаралық Жайық өзеніндегі су деңгейі соңғы тәулікте барлық гидробекетте жоғары көтерілді, - деп жазады Kazinform.

8a6ae68d-9f5e-4e72-9f67-cfa24df86d11
Фото: Kazinform

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының директоры Тілеген Шапановтың мәлім еткеніндей, Ресейдің Орынбор қаласы тұсында 508 (+7, қауіпті шегі — 930 см), Елек ауданында 453 (+34, 890 см) сантиметрді көрсетті.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы аумағында Бөрлі ауданы Жарсуат ауылында 451 (+42, 1 мың см), Бәйтерек ауданы Январцевте 362 (+19), Орал қаласында 315 (+20, қауіпті шегі — 850 см), Көшімде 327 (+17), Ақжайық ауданы Мерген елді мекенінде 474 (+19), Тайпақта 206 (+19) сантиметрге жетті.

Есесіне Жайықтың саласы Шаған өзеніндегі ағыс бәсеңдеп, Бәйтерек ауданы Чувашин ауылы тұсында 27 сантиметрге (қазіргі көрсеткіш — 901 см) төмендеді.

Казталов ауданында Қараөзен көтеріліп жатыр. Мұнда Қайыңдыда 553 (+38, қауіптісі — 1 700 см), Жалпақталда 666 (+34, 860 см) сантиметр болды. Ресейлік «Гидрометеорогия және қоршаған ортаны мониторингілеу бойынша Приволжск басқармасы» федеральдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінің 1 сәуірдегі мәліметіне қарағанда, биыл Жайықтағы су деңгейі Орынборда 500-600 (2025 жылы — 560 см), Електе 520-620 (654), Оралда 330-430 (474), Көшімде 330-430 (468), Тайпақта 250-350 (491), Атырауда 240-300 (419) сантиметр арасында болуы ықтимал.

2024 жылы Жайық Орал қаласы тұсында 865 сантиметрге дейін жетіп, қауіпті шектен асып кеткендіктен, саяжай аумақтарын су басқан еді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале