Орал қаласындағы «Дарын» қосымша білім беру орталығында облыстық «Импульс - 2017» интелектуалды турнирі өтті. Жас зерттеушілер мен өнертапқыштар қатысқан сайыста Қаратөбе мектеп гимназиясының өрендері жүлделі І орынды иеленді.
Атап айтсақ, қаратөбеліктердің «Кешенді желдеткіш», «Шағын шаңсорғыш» туындылары көпшіліктің қызығушылығын оятты.
- Үшінші айналымда берілген тапсырмаларға сәйкес, өз идеямызды, қиялымызды қосып жазу керек болды. Бұл кезең қиындық тудырады деп ойлап едім, бірақ, топ болып жұмыстанудың арқасында жақсы нәтиже көрсете білдік, - дейді Қаратөбе мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Табяш Октябрь.
Аталмыш турнирде жетекшілік еткен Қаратөбе мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі Меңтай Талғатқызы бүгінгі жеңісті жас өнертапқыштар Мадияр Халиуллин, Жібек Сағындық, Шынар Нұрмағамбетова, Табяш Октябрь сынды шәкірттерінің тынымсыз еңбектерінің жемісі екендігін айтты.
Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz