Зеленов ауданында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуаныш Асылов, БҚО тілдерді дамыту басқармасының басшысы Махамбет Ихсанғалидің қатысуымен кездесу өтті.
-Жолдауды халық арасында кеңінен түсіндіру мақсатында 27 адамнан тұратын 6 ақпараттық-насихат тобы құрылды. Жолдауды актив кең көлемде талқылап, іске асыру бағытындағы міндеттерді айқындадық. Мұнымен қоса 14-16 ақпан аралығында 9 адамнан тұратын облыстық ақпараттық топ 16 ауылдық округ тұрғындарымен кездесу өткізді, - деді аудан әкімі Кәрім Кәрімоллаұлы.
Одан әрі Махамбет Мәтенқожаұлы биылғы жылдың елеулі оқиғалары - «Алашорданың» 100 жылдығы мен Сырым бабаның 275 жылдығына орай облысымызда кең көлемде шаралар жүзеге асатындығын құлағдар етіп, мемлекеттік тілмен қатар ағылшын тілін меңгерудің тиімділігі жөнінде сөз өрбітті.
Дана ДЕРБІСАЛЫ,
Зеленов ауданы
zhaikpress.kz