Бұл жайлы Ұзынкөл ауылында Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауын талқылау, насихаттау жиыны барысында айтылды.
Жиынды ашқан ауыл әкімі Алтай Бақтығалиев маңызды құжатты насихаттау жұмыстарының ауылда кеңінен жүргізіліп жатқанын баяндады.
Облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Қазбек Меңеев Елбасының сарабдал саясатының арқасында халықтың өмір сүру деңгейінің артқанын айқын мысалдармен айтты. Сондай-ақ биыл аудан орталығы мен Ұзынкөл ауылын қосатын асфальт жол төсеу жұмыстары аяқталып, одан әрі де қаржы бөлініп, бұл істің жалғаса беретінін де мәлім етті.
Н.Өтей
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz