Синоптиктер Қазақстан аймақтарында 2026 жылғы 7 сәуірде қауіпті метеорологиялық құбылыстар күтілетіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанның батысында ғана антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай күтіледі, оңтүстіктің таулы аймақтарында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады", деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстігінде бұршақ жаууы, дауыл күтіледі.
"Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, тау бөктерінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, батысында, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі".