7.04.2026, 0:00
Оқылды: 2

Тасқалада идеологиялық жұмыстарды жандандыруға бағытталған кеңес өтті

Бүгін Тасқала ауданы әкімдігінің мәжіліс залында идеологиялық жұмыстарды жандандыру, атқарылған жұмыстарды саралау және алдағы кезеңге арналған жоспарларды бекіту мақсатында кеңес өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Әли Бердешев төрағалық етті.

PHOTO-2026-04-06-21-16-16

Кеңес отырысына аудандық мәслихат төрағасы Ж.Бисенғалиева. аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж. Балықов, аудандық аналар кеңесінің жетекшісі Г. Мұхамбетқалиева, аудандық әжелер алқасының жетекшісі А. Меңдіғалиева, сондай-ақ, әлеуметтік саланың басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.

PHOTO-2026-04-06-21-16-16
Кеңес барысында аудан көлемінде жүргізіліп жатқан идеологиялық жұмыстардың І тоқсандағы қорытындылары жан-жақты талқыланды. Мәдениет, білім, жастар саясаты және ауылдық округтер деңгейінде атқарылған іс-шаралар сараланып, олардың тиімділігіне баға берілді.
Жиынның басты мақсаты – идеологиялық жұмыстардың мазмұнын жаңғыртып, олардың сапасын арттыру және қоғамға әсерін күшейту болды. Осыған байланысты қатысушылар мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндерді өткізуде формальдылықтан арылып, тәрбиелік мәні жоғары, халықтың сұранысына сай жаңа форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.

PHOTO-2026-04-06-21-16-16
Сондай-ақ кеңесте алдағы ІІ тоқсанға арналған жұмыс жоспары қаралып, нақты міндеттер айқындалды. Әсіресе жастармен жүргізілетін идеологиялық жұмыстарды күшейту, заманауи ақпараттық құралдарды тиімді пайдалану және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелеріне басымдық берілді.
Қатысушылар идеологиялық жұмыстың қоғам бірлігін нығайтудағы маңызын атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жетілдіру қажеттігін жеткізді.

PHOTO-2026-04-06-21-16-16
Жиын соңында ұсыныстар ортаға салынып, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары бекітілді. Кеңесті қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Әли Сағдатұлы идеологиялық жұмыстың үздіксіз жүргізілуі тиіс екенін атап өтіп, барлық сала өкілдерін бірлесе жұмыс жасауға шақырды және аудандық әжелер алқасының ұйымдастыруымен өткен «Ата-әже аманаты» атты бейне челендждің қорытындысы бойынша бірнеше ата-әжелерге алғыс хаттар табыс етті.

PHOTO-2026-04-06-21-16-16
Гүлмира Мақанова,
Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале