8.04.2026, 10:30
Оқылды: 12

Ақсайда тазалық айлығы басталды

WhatsApp Image 2026-04-06 at 09.24.31

WhatsApp Image 2026-04-06 at 09.21.29

“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы шеңберінде Ақсай қаласында “Таза қала”  айлығы басталды. Аталған айлық аясында 1-30 сәуір аралығында Ақсай қаласының аумағында жалпы қалалық сенбілік өткізу жоспарланып отыр.

“Таза қала” тазалық айлығы аясында Ақсай қаласындағы  сенбілікке аудан әкімі бастаған мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты. Сенбілік Ақсай қаласының 10-шағынауданындағы №4, 5, 21, 24 үйлердің маңында және былтыр салынған “Кед” демалыс орнының айналасында ұйымдастырылды.

- Осы сенбілікке мемлекеттік қызметшілермен қатар іргелес үйлердің тұрғындары да қатысып жатыр. Сонымен қатар КПО б.в. компаниясы және оның мердігерлері  жыл сайын бізге көмектесіп, қаламыздың тазалығына өздерінің үлестерін қосып келеді. Жақын уақытта ағаш отырғызу жұмыстарын бастаймыз. Және де күн жылынғаннан кейін қаламызды абаттандыру, көгалдандырумен айналысатын боламыз. Осы сәтті пайдалана отырып, Ақсай қаласының тұрғындарын тазалық айлығына белсенді қатысып, өздерінің аулаларын, іргелес аумақты, кәсіпкерлерге сауда нысандарының айналасын таза ұстауға, тазалауға, айналасын абаттандырып, жаз мезгілінде маусымдық көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге шақырамын, - дейді Ақсай қаласының әкімі Арсен Баяндықов.

Тек Ақсай қаласында емес, ауданымызға қарасты барлық ауылдық округтер мен елді мекендерде “Таза Қазақстан” акциясына орай сенбіліктер ұйымдастырылып, ауыл тұрғындары да өздерінің үлестерін қосуда.

 Айдана Абдрахманова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале