8.04.2026, 17:45
Оқылды: 12

Казталов ауданында үкіметтік емес ұйымдар отырысы өтті

image-08-04-26-08-44
Аудан әкімінің орынбасары С.Қайрлиевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Күн тәртібінде 2025 жылы «Ақниет», «Тоғжан» және «Казталов ауданы жастар кеңесі» қоғамдық бірлестіктері арқылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы және 2025 жылғы хаттамалық тапсырмалардың орындалуы, 2026 жылға арналған әлеуметтік жобаларды іске асырудағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды қалыптастыру мәселелері қаралды.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Мұханбетова мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың тиімділігін арттыру және жаңа жобаларды іске асыру тетіктеріне тоқталды.
Дін саласындағы мемлекет саясатының зайырлы қағидаттары бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарының жүргізілген қорытындыларын «Ақниет» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Қалиолла баяндаса, «Тоғжан» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Ақбаева отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы институтын дамыту, әйел адамның рөлін арттыру, гендерлік саясат бойынша 2025 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлармен бөлісті.  Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы іс-шаралар бойынша «Казталов ауданы жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Н.Төлес хабарлама жасады. 2026 жылы аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығымен бірлескен жобаларға тоқталды. Жастар саясаты, әлеуметтік қолдау және азаматтық белсенділікті арттыру бағытында жүзеге асқан жобалар кеңінен талқыланды.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев өз Жолдауларында азаматтық қоғам институттарының, соның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың рөлін күшейту қажеттігін, мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру үшін ҮЕҰ-лармен әріптестікті дамыту маңызды екенін айтқан болатын. Азаматтық қоғам институттары мемлекеттік саясатты іске асыруда маңызды серіктес болып табылады. Казталов ауданында үкіметтік емес ұйымдармен әріптестік алдағы уақытта да жалғасын тауып, өңірдің әлеуметтік дамуына серпін бермек.
Ернәсіл Рысқалиев
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале