8.04.2026, 16:15
Оқылды: 9

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылады

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болып, жаңбыр жауады.

жп дождь фото Динара Насыр (1)

Қаздгиометтің хабарлауынша, 9 сәуірде республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында, 10 сәуірде батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай, бұршақ және екпінді желмен бірге қатты жаңбыр күтіледі.

Түнгі уақытта солтүстік-батыс пен солтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады, ал 11 сәуірге қараған түні елдің шығысында қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі.

Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, түнгі және таңғы сағаттарда тұман болады.

Солтүстік, солтүстік-батыс, орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасының төмендеуі күтіледі:
түнде 0–8 градус жылыдан 0–5 градус аязға дейін,
күндіз 10–23 градустан 7–15 градусқа дейін.

Елдің қалған аумақтарында ауа температурасы көктемге тән жайлы деңгейде сақталады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале