9.04.2026, 14:45
Оқылды: 44

Сырым ауданы жігіттері көкпар тартты

PHOTO-2026-04-07-23-37-05
Сырым ауданында Жырақұдық пен Қособадай егіз жатқан елдің ерлері ауыл айналаны жиып көкпар берді. Екі ауылдың ортасына ақ шаңқай киіз үй тігіліп, қазан қайнады, қазанат та қайнады. «Бабалар ізімен» деп аталған көкпар тойында ауданымыздың Қособа, Өлеңті, Аралтөбе, Жетікөл ауылдарының командалары өзара сайысқа түсті.
Аймағымызда көкпар ойыны жаңғырғалы ел ішінен талай жүректі жігіттер шыңдалып, жүйрік аттар бапталуда. Бұл додаға түскен жігіттер де, жүйріктер де жоғары деңгейде ойын көрсетіп, елдің ыстық ықыласына бөленді.
PHOTO-2026-04-07-23-37-04
Дала қызығына бастамашы болған “Қайсар” спорт клубының әдіскері, ұлттық спорттың жанашыры Бекболат Елубайұлы екенін айта кетелік.
ҚОРЫТЫНДЫ:
1-орын – «Сырым батыр” (жастар құрамасы)
2-орын – «Сырым батыр» көкпар командасы
3-орын – “Аралтөбе” көкпар командасы
4-орын – “Жетікөл” көкпар командасы
Қоңдыкер Елуов
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале