Фото "Жайық Пресс" қорынан
Қазіргі таңда ауылдық аймақтарда және республикалық, облыстық маңызы бар автожолдарда қараусыз жүрген малдардың жолға шығуы жиілеп, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің біріне айналып отыр. Бұл мәселе жүргізушілер мен жолаушылардың өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, материалдық шығындарға да алып келеді.
Жоғарыдағы оқиғалардың басты себептері - мал иелерінің жауапкершілігінің төмендігі, малдарды қараусыз жаю, түнгі уақытта көріну деңгейінің төмендігі, малдардың күтпеген жерден жолға шығуы.
Бүгінгі күнге ауданымыз бойынша Шолақаңқаты ауылдық округінен Бұлдырты ауылдық округіне дейін және Жымпиты ауылдық округінен Қаратөбе ауданы шекарасына дейін жол бойына жақын орналасқан 28 шаруа қожалығы бар. Ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіру (АШЖБ) базаларында сол шаруашылықтарға тиесілі 6100 бас ірі қара малы және 3543 бас жылқы тіркелген.
Аудан бойынша 2025 жылы ауыл шаруашылығы малдардың қатысуымен 21 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 10 бас малдың иелері анықталды.
Қалған 22 жол көлік оқиғасы бойынша мал иелері белгісіз. 2026 жылы бір оқиға тіркеліп, мал иесі табылды. Анықталмау себебі - ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіру нөмірлері болмауы, болса да сырғаларының түсіп қалуы және төлдерін уақтылы бірдейлендіру жұмыстарын жүргізбеу болып табылады.
Жұрттың обалына, өзінің шығынына қалмаймын десе, мал иелеріне ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін тіркеуді, уақтылы жергілікті ветеринариялық қызметкерлерге өтініш беруді сұрар едік.
Әсіресе малдың қатысуымен болатын жол көлік оқиғалары кешкі және түнгі уақытта орын алады. Осы ретте малдарды қараусыз жібермеу, арнайы қоршалған жайылымдар пайдалану, малдарға жарық шағылыстырғыш белгілерді мейлінше барлық малдарға тағу, түнгі уақытта малды бақылауда ұстау қажеттігін ескертеміз.
Бүгінгі күнге ауданымыз бойынша 18 шаруа қожалығы 760 ірі қара малдары мен 473 жылқы малдарына жарылыстырғыш белгілер тақты. Жеке тұрғындардың арасында 55 ірі қара малдары мен 163 жылқы малына жарылыстырғыш қарғы байлады. Осы жұмыстарды мал иелерімен бірге уақтылы сапалы жүргізетін болсақ, біріншіден өзімізге және екіншіден ағайын бауырларымыздың аман болуына және отбасыларына аман оралуларына үлкен септігін тигізер еді.
Руслан Усағалиев,
Сырым аудандық ветеринарлық станциясының басшысының орынбасары