13.04.2026, 15:15
Оқылды: 55

Жаңақалалық футболшылар қоржында күміс жүлде салды

image-13-04-26-08-46
Сәуірдің 9-12 аралығында халықаралық Ғарышкерлер күніне орай Көкшетау қаласында «SPACE CUP 2026» республикалық турнирі оздырылды.
Облыс намысын қорғаған жаңақалалық ала доптың аламандары да аталмыш футзалда өз бақтарын сынады.
2009-2010 жылғылар бәсекелескен спорттық жарыста барлығы 8 команда жүйелі ойын көрсетті. Қатарластарынан ұпай саны бойынша озық шыққан «Жаңақала» командасы жүлделі 2-орынға ие болды. Әдемі ойын өрнегін көрсеткен топ мүшесі Бекарыс Бекқалиевке «Үздік шабуылшы» номинациясы берілді.
Мектептен тыс жұмыс орталығы жанынан құрылған үйірменің жаттықтырушысы Азамат Бегалиев демеушілерге өз алғысын білдірді. Олардың қатарында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ақнұрлы Нұрғалиқызы және аудан жастары бар.
Ақерке Ғилымхан
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале