16.04.2026, 9:00
Оқылды: 32

Қазақстан жұмыс істеп тұрған МӨЗ-дерде мұнай өңдеу көлемін ұлғайтуға ниетті

Х_gluster_2026_4_14_566277125359f018119a415b7a0c7e4d_1280x720

Фото: gov.kz

ҚР энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында 2026 жылдың үш айындағы мұнай және мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі туралы баяндады. 

Есепті кезеңде мұнай өнімдерін өндіру көлемі 3,67 млн тоннаны немесе 2025 жылғы фактімен салыстырғанда 98,9%-ды құрады. 2026 жылға болжам – 15,5 млн тонна.

«Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасы бойынша қуаттылығы 10 млн тонна болатын жаңа МӨЗ салу жобасын жедел жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдануда»,

— деді Ерлан Ақкенженов. Ведомствоның мәліметінше, ПМХЗ-ны 5,5-тен 9 млн тоннаға дейін, ПКОП-ты 6-дан 12 млн тоннаға дейін, АМӨЗ-ді 5,5-тен 6,7 млн тоннаға дейін кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Осы жылдың бірінші тоқсанында мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 134 мың тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 86,1%-ды құрады. Министрлік «ҚазМұнайГаз» АҚ және КРІ-мен бірлесіп биыл полипропилен өндірісінің көлемін 450 мың тоннаға дейін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізуде. 2026 жылға болжам – 580 мың тонна.

Дереккөз: ҚР Энергетика министрлігі сайты

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале