17.04.2026, 9:00
Оқылды: 10

Жымпиты футболының "өз үйі"

IMG_0072
С. Датұлы атындағы саябақ аумағындағы футбол алаңы – Жымпиты футболының нағыз “өз үйіне” айналған нысан.
Бүгінде бұл алаң Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және денешынықтыру бөліміне қарасты “Қайсар” спорт клубының теңгерімінде. Клуб 2025 жылы алаңға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қабырғаларын қалыпқа келтіріп, жасыл жабынын толықтай жаңартқан. Бөлімнің бас маманы Ержан Махметтің айтуынша, бұл жұмыстарға аудандық бюджеттен 8 млн 900 мың теңге жұмсалған.
Жақында жымпитылық жігіттер алаңға резеңке қиыршығын төседі. Футболшы Салауат Байралиевтің айтуынша, 1 тонна резеңке жабындысын Батыр Қабдражат есімді азамат демеушілікпен алып берген. Ал тасымалдау жұмыстарына жеке кәсіпкер Ақеділ Нұрмашев қолдау көрсеткен.
Жасанды шөп үстіне себілген резеңке жабын жас футболшылардың қауіпсіздігін арттырып, жарақат алу қаупін азайтады.
Айта кетейік, Сырым саябағындағы бұл кортта бапкер Руслан Чукуровтың шәкірттері тұрақты түрде жаттығады.
Бауыржан Ширмединұлы, 
“Сырым елі”
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале