18.04.2026, 10:00
Оқылды: 21

МӘСКЕУДЕ ӨНЕР КӨРСЕТКЕН САҢЫЛАҚ СКРИПКАШЫ. ҚАЗАҚ ӨНЕРІ МЕН МӘДЕНИЕТІНІҢ БІРІНШІ ОНКҮНДІГІНЕ 90 ЖЫЛ!

1936 жылы 17-26 мамыр аралығында Мәскеуде Қазақ мәдениетінің онкүндігі өтті. Бұл шара қазақ халқының өнері мен мәдениетін бүкіл Кеңес Одағына танытқан тарихи оқиға болды. Онкүндік қазақ мәдениетінің дамуына жаңа серпін берді. Осындай ірі шараны ұйымдастыруда шешуші рөл атқарған тұлға, Жабасақтың тумасы – Темірбек Жүргенов! Шараның ұйымдастырылуы мен оның жоғары деңгейде өтуіндегі сол жылдары Халық ағарту комиссары болған Темірбек Қараұлы Жүргеновтің зор еңбегін атап өтуге болады. Сонымен қатар осы мәдени шараға барған Аққұмның перзенті Әлім Алматтың естеліктеріне тоқталып, шынайы тарихи бағасын беруге тырысамыз.

image-17-04-26-10-44

«Жаңа мәдени бетбұрыс»
Жабасақтың біртуар перзенті Темірбек Жүргенов(Қараңыз: Қазақ совет энциклопедиясы, 4-том, 531-бет; Ақтөбе энциклопедиясы. 441-бет, «Темірбек Жүргенов», «Сарыарқа» б. 2018. 12, 199-бет., Кәртен Б. Қас үлектен туған кәтепті...// 27.11. 2014. aqtobegazeti.kz) Қазақ жеріне келісімен қысқа ғана уақыт ішінде үлкен өзгерістер жасады. Жүргеновтің арқасында көптеген мектептер, театрлар бой көтерді. Қазақстанға келместен бұрын Темірбек Жүргенов Өзбек ССР-ның халық ағарту комиссары болған кезде Қазақ АССР-нің бірінші хатшысы Мирзоянның өтінішімен оған Ғабит Мүсірепов келеді. Келгендегі себебі Қазақ АССР-ның Мәдениеті мен Оқу-Ағарту ісінің тұралап, құрдымға кетіп бара жатқанын жеткізіп, осы саланы қолға алуың сұрайды. Ғабит Мүсірепов Темірбек Жүргеновті 10 күннің ішінде әрең дегенде көндіріп, Жүргеновті Қазақстанға алып келеді(қараңыз:Ильясова, К.М. Тағдыр-тарих:скрипкашы Әлім Алматтың күнделікті өмірі, 45-бет). Мирзоянның алдына келген Темірбек Жүргенов 3 шарт қояды.
- Мені байдың тұқымы деп тіл тигізіп, қудаламайсыңдар!
- Менің салама бөлінген қаражатты басқа салалар көз алартпауын қадағалайсың!
- Мені Өлкелік партия бюросына кіргізесің!
Мұнымен толық келіскен Мирзоян Темірбек Жүргеновке сеніп, осы 3 шартты қатқылсыз орындайды. Темірбек Мирзоянның сенімен аброймен ақтайды. Барлық қаражатты Оқу-ағарту жұмысына жұмсайды.
Қолымыздағы Ильясова, К.М. Тағдыр-тарих:скрипкашы Әлім Алматтың күнделікті өмірі және Б.Мырзабай мен А.Алматовтың 2018 жылы «Сарыарқа» баспасынан шыққан «Темірбек Жүргенов» атты еңбектерде былай деп жазады:
«Как можно говорить о создании вуза, - выспренно восклицали они, - когда даже в школах нет возможности наладить обучение на родном языке?!»
Ратуя за развитие высшего образованияв Казахстане, Т.К.Жургенев отнюдь не являлся пустым мечтателем. Он реально учиттывал, и больше того, исходил из признания значительного отствания республики в области культуры. «Существующая школьная сеть, - отмечал он в докладе, по данным Наркомпроса Казахстана, охватывает... только до 17% казахский детей школьного возраста, а прочего неселения – до 40%. Неграмотность среди казахских насиление – 95%, среди прочего – 72%».
Айталық, осы кездегі Қазақстанда сауатсыз адамдардың үлесі – 38% болса, қазақтар арасында көрсеткіш – 43% құрады. Қазақ ауылдарындағы бастауыш білім беру деңгейі балалардың тек 50-60% құрады.
Сонымен Л.Мирзоянның тұсында Т.Жүргеновтің оқу-ағарту, мәдениет, ғылым, өнер салаларындағы қат-қабат шаруалары басталып кетеді. Совет билігінің репрессиялау саясатының алдында Ғалымжан оқу демалысы уақытында Алматыға келіп, Файзолла ағасымен бірге Темірбек Жүргеновтің үйіңе сәлем беруге барады. «О, қара бала, жақсы келдің, - деген Темірбек аға Файзолла ағайға «Огонёк» журналын көрсетеді, журналда «Ғ.Әбсәламов – Өзбекстанның ең үздік оқығаң, талантты музыкант баласы» – деп жазылған екен(қараңыз:Ильясова, К.М. Тағдыр-тарих:скрипкашы Әлім Алматтың күнделікті өмірі, 46-бет).

image-17-04-26-10-44-3

«Тектінің тұяғы»
1917 жылы сәуір айында Жабасақтың Аққұм жайлауында дүниеге келген қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби скрипкашы – Ғалымжан Әбдісаламов(қараңыз:Н.Сүйін - Скрипка тағдыр. Аққұмда аунап өскен бала...//16.01.2026. aqshamgazeti, Ыстамбұлда Әлім Алмат есімді қазақ сарбазы тұрады.., Тәлкеке түскен тағдыр...//2016. Қазақстан Ұлттық телеарнасы) – Мәскеудегі онкүндікке қатысқан екен. Бұл туралы «Огонек» журналының 1936 жылғы шығарылымында бар болып шықты. Аққұмның перзенті Ғалымжан 1936 жылғы декадада К.Байсейітова, Ш.Жиенқұлованың өнерлері мен С.Сейфуллиннің қазақ әдебиетіндегі қызметінің жиырма жылдық мерейтойына қатысты жеке суреттері «Қазақ театры» атты мақалада жарияланған екен. Үш жасында әкесінен ерте жетім қалған Ғалымжанды, атасы Төремұрат тәрбиелейді. Оның нағашы жағы да осал болмаған. Әжесі сол уақыттағы Басықара қопасын жайлаған Қара деген аса дәулетті адамның ауылынан екен. Өз анасы Қанымша Саудақызы Ақсақал-Тәуіп болысын ұзақ уақыт басқарған Тоқа Сәтбай ауылының қызы болған. Ғалымжанды 5-6 жасында атасы Төремұрат Қарақайдан Басықара қопасындағы Қара нағашы атасының ауылына ертіп апарады. Темірбек нағашысы Ташкенттегі оқуынан ауылға демалысқа келіп жатқан кезі екен. Барғанда нағашы атасы Қара:
- Ғалымжан, сенің нағашың кім? – деп сұрапты. Сонда Ғалымжан:
- Сіз тай беретін нағашымсыз, Темірбек аға қалам мен қағаз беретін нағашым, - деп
жауап беріпті.
- Оу, мынау қандай ақылды бала, әкеліңдер тайды, мінгізіндер, -деп Қара нағашысы мәз болыпты. Міне, Ғалымжанды «тектінің тұяғы» деуге болады (қараңыз:Ильясова, К.М. Әлім Алмат: Өмірі мен өнері, 16-17 бет.).

 

«Тағдырың түбегейлі өзгерткен...»
Әлім Алматтың(Ғалымжан) естеліктерінде: «1931 жылы ағасы Файзолла бай-болыстың балаларын түбінде оқудан шығарады деп Шалқар арқылы поезбен Ташкентке келіп, сол кезде Өзбекстанның Наркомпросын басқаратын Темірбек Жүргеновке жолығады. Темірбек Ғалымжанға ең алдымен білім алу керектігін айтады. Нағашысы кім болғысы келетін сұрағанда- математик немесе инженер деп жауап беріпті. «Қазақта математик көп, сен домбыра тарту білесіңғо, музыка училищесінде скрипка аспабында ойнауды үйрететін оқу бар» - деп, өнер жолына түсіріп, тағдырың түбегейлі өзгертеді. Ол заманда қазақ жерінде математик дайындау қиын кезең еді. Сондықтан да нағашысы музыка саласына оқуға кеңес беріп, оқуға түсуге көмектеседі. Темірбек жиенің өнерге, музыка саласына бейімдейді.
Әлім Алматтың өмірі мен тағдырың түбегейлі өзгерткен оқу-ағарту, өнер саласындағы қызметін замандастары өте жоғары бағалаған. Мысалы, С.Сейфуллин «Біздің Жүргенов – іскер нарком» десе, Л.Мирзоян «Жургенов – железный нарком» деп республиканың өзге басшыларына үлгі еткен. Ол бір жыл өтер-өтпестен, 1934 жылы Халық өнері қайраткерлерінің І-слетін ұйымдастырып өткізеді, сондай-ақ маңызды қаулылардың («Музыкалық театрларға кадрлар даярлау туралы іс-шаралар туралы»; «Ұлттық өнерді дамытуға байланысты іс-шаралар туралы») қабылдануына мұрындық болады(қараңыз:Ильясова, К.М. Әлім Алмат: Өмірі мен өнері, 22-23 бет.).
Темірбек Жүргеновтің Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігін өте жоғары деңгейде ұйымдастыруына қысқаша тоқталып өтелік.
Онкүндік 30-жылдардағы қазақ өнерін байқаудың биік шыңы болып бүгінде тарихқа енді. Оның жоғарғы дәрежеде өтуі, жасырмай айтқанда, Темірбек Жүргеновтің арқасы еді. Ол болмайтынды болдыратын, сөзді тікелей іске айналдыра білетін, жауапкершілік пен тәртіпті берік сақтайтын аса үлкен қайраткер екенің танытты. Ол күні-түні ұйқысыз қызмет етті. Оның мазасыз тіршілігінде қызметтес болған адамдар жиі еске алатын. Дайындыққа 3 ай уақыт кетті. Т.Жүргенов дайындықты күнделікті тексеріп отырды. Жалпы тарихи деректерге сүйенсек Мәскеуге 300 өнерпаз барған екен.

image-17-04-26-10-44-2
«Тірі қалғаным Темірбек ағайдың арқасы...»
Темірбек Жүргенов хабарласып:
- Ғалымжан, сен енді Ташкенттен Алматыға ауысасың, - деп мені Ахмет аға
Жұбановқа жіберді. Алматыдағы музыка училищесінің скрипка класында оқи жүріп, 70 адамдық домбыра оркестрінің құрамында 6-7 бала(4 қазақ, 1 татар, 2 ұйғыр) дайындыққа(репетиция) қатысып жүрдік. Ахмет ағай музыка тарихынан сабақ берді. Ғанбар Медетов деген күйші мен Абыл ағай(А.Маханов) есімде, көпшілігінің аттарын ұмыттым. Темірбек аға біздерге, балаларға арнайы костюмдер тіктірді, Мәскеуде өтетін 1936 жылғы 10 күндік қарсаңында. Шешеміз бізді - Ұзақбай ағаның(Ұ.Құлымбетов), Темірбек ағаның үйлеріне жиі апаратын. Ұзақбай ағаның Мәскеуде оқитын інісі (Жолмұрат Құлымбетов), қыздары, Темірбек ағаның Кәпназар деген інісі, Жұманазар деген баласы болатын, мен оларға домбыра тартым беретін едім. Мәскеуде болатын Қазақ өнерінің 10 күндігі қарсаңында таңертеңгі 9-дан дамылсыз репетициялар болып жүрді. Темірбек аға сол репетицияларға жиі келіп қатысатын.
Опера театры «Қыз Жібек» операсымен барды. Есімде қалғаны — Күләш Байсейітова, Қанабек Байсейтов, Құрманбек-Шара Жандарбековтер. Үлкен театрдағы ложада отырған И. Сталин мен оның сол жағында 3-4 адамнан кейін Темірбек аға отырды. Концерттер зор аншлагпен өтті. Соңынан И. Сталин, Л. Мирзояндардың қатысуымен зияфат (банкет) берілді. Күләш ән салды. Алматыға оралған соң театрдың завхозы балаларға тіктірген костюмдерді өзімізде қалдыруды сұрауымды өтінді. Мен олардың өтінішін орындап, Темірбек ағаға жеткіздім. Темірбек аға костюмдерді өзімізде қалдыруға нұсқау бергенде, бәріміздің қуанышымызда шек болған жоқ. 1937 жылдың жазында «халық жауларын» жаппай ұстау басталды(қараңыз:Б.Мырзабай мен А.Алматов - «Темірбек Жүргенов», «Сарыарқа» б. 2018. 412-бет.).
Темірбек Жүргенов пен Әлім Алмат секілді көптеген қазақ өнер майталмандарының арқасында Қазақ АССР-нан Қазақ ССР болып, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Кеңес өкіметінен тәуелсіздігімізді алған болатынбыз. Оған қоса Қазақ Өнері осы тарихи оқиғадан кейін жаңа белеске көтерілді.
1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақ өнері мен мәдениетінің онкүндігі – ұлт тарихындағы айрықша белес, қазақ халқының рухани әлеуетін әлемге танытқан тағылымды оқиға болды. Бұл онкүндік аясында қазақтың дәстүрлі ән-күйі, сахналық өнері, әдебиеті мен би мәдениеті кеңінен насихатталып, қазақ өнерпаздарының кәсіби шеберлігі жоғары деңгейде бағаланды. Осы арқылы қазақ мәдениеті тұңғыш рет үлкен саяси-мәдени орталықта мойындалып, ұлттық өнердің жаңа кезеңге қадам басқаны айқын көрінді. Бұл тарихи шараның маңызы тек сол кезеңмен шектелмейді. Оның әсері бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның мәдени дамуынан да айқын байқалады. Онкүндік қазақ өнерінің іргесін бекітіп, кәсіби театр мен музыка саласының қалыптасуына жол ашты. Соның нәтижесінде қазіргі таңда әлемдік деңгейде танылған өнер ұжымдары мен дарынды тұлғалардың шығуына негіз қаланды. Тәуелсіз еліміздің мәдени саясаты, ұлттық құндылықтарды жаңғырту бағыты да сол кезеңдегі бастамалардың заңды жалғасы іспеттес. Сонымен қатар, Мәскеудегі онкүндік қазақ халқының өзін-өзі тануына, ұлттық мақтаныш сезімінің оянуына зор ықпал етті. Бүгінгі күні бұл рухани сабақтастық ел бірлігін нығайтып, мәдени мұраны сақтауға деген жауапкершілікті арттырып отыр. Осындай тарихи оқиғалар арқылы біз өз тамырымызды тереңірек түсініп, болашаққа нық қадам жасаймыз.
Қорытындылай келе, 1936 жылғы мәдени онкүндік – қазіргі тәуелсіз Қазақстан мәдениетінің дамуына негіз болған, ұлттық рухты асқақтатқан ұлы оқиға. Ол – ел тарихындағы мақтанышпен айтылатын, ұрпаққа үлгі болатын алтын мұра.

Асқар Рахымжанұлы
тарихшы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале