21.04.2026, 12:00
Оқылды: 14

Сырым ауданы: Қособа - чемпион! 

Орал қаласында өткен “Бабалар ізімен!” Батыс Қазақстан облыстық ұлттық спорт лигасында арқан тартыстан Сырым ауданының намысын қорғаған “Қособа” командасы жеңімпаз атанды. 

PHOTO-2026-04-19-09-21-26 (1)

Қособаның білекті жігіттері лига аясында 12 тартыс өткізген. Жартылай финалда атышулы “Көктерек” командасын 2:0 есебімен ұтты. Қоржынға түскен 30 ұпай қособалық жігіттердің І орынға шығуын қамтамасыз етті.

Ұпай сандарының тең болуына байланысты Казталов ауданы, Көктерек ауылының құрамасына да І орынның жүлдесі берілді. Арқанның екі басында жиі жолығатын азулы қарсыластар осылайша жеңіс тұғырын бөлісті.

Қос команданың да ұқсас жері - ел ішінде қасиетті қара күш иелерінің жүргенін дәлелдегенінде, олардың жүректерінде спорттық рухты жаға алғанында.

 

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале