23.02.2017, 10:45
Оқылды: 49

БҚО-да үш күнде 1303 азамат жол жүру ережесін бұзған

 

Бұл туралы облыстық  ІІД жергілікті полиция қызметкерлері баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті. Айта кетейік, өңірімізде 16-18 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» атауымен  үш күндік жедел алдын алу шарасы өтті.


Соның ішінде қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 212, жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс арттыруына қатысты 173 әкімшілік материал толтырылған. Ал 134 құқықбұзушылық жаяу жүргіншілердің қатысуымен тіркелген. Сонымен қатар 127 азамат рөлде келе жатып ұялы телефонды қолданғаны үшін айыппұлға ілікті.

Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Виталий Гаршиннің айтуынша, аталмыш шараға студенттер тартылып, полицейлерге жәрдем етті.

Баспасөз конференциясында жергілікті полиция қызметі жол қозғалысын қадағалауды ұйымдастыру бөлімінің бастығы Манарбек Нәжиев өңірдегі автокөлік ұрлау мен оны айдап кету оқиғаларын сараптады. Оның айтуынша, жыл басынан бері облыс бойынша 4 автокөлік ұрланса, 18 азамат өзгенің көлігін айдап кеткен. Абырой болғанда ұрланған көліктердің барлығы табылып, иелеріне қайтарылды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале