22.04.2026, 13:00
Оқылды: 18

Туысының үйін тонаған

Орал қаласында жеке тұрғын үйге жасалған ұрлық дерегі жедел ашылып, күдікті қолға түсті. Қала тұрғыны полицияға жүгініп, үйінен ақша мен бағалы бұйымдарының жоғалғанын мәлімдеген. Оның айтуынша, үйіне келген сәтте мүлкінің қолды болғанын байқаған.

65235df6-28ac-40d5-9308-a5623cdaa3e4 копия

Тексеру барысында белгісіз тұлғаның тұрғын үйге еш кедергісіз кіріп, 900 мың теңге көлеміндегі ақшаны, сондай-ақ алтын әшекейлерді – сақина мен алқаны ұрлап кеткені анықталды. Бұдан бөлек, Dyson ныспылы шаш кептіргіші де жоғалған. Жалпы келтірілген материалдық шығын шамамен 2 миллион теңгені құраған. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Шаған полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап ұстады. Белгілі болғандай, ол жәбірленушінің 22
жастағы туысы болып шықты. Ол бұрын осы үйде тұрғандықтан, үйдің кілті өзінде  болған.

Қазіргі таңда ұрланған мүліктің бір бөлігі тәркіленіп, шаш кептіргіш иесіне қайтарылды. Ал алтын бұйымдардың күдікті тарапынан ломбардқа өткізілгені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жалғасуда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Полиция азаматтарға мүліктік қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертеді. Атап айтқанда, үй кілттерін бөгде адамдарға бермеу және кілт жоғалған жағдайда құлыптарды дер кезінде ауыстыру қажеттігін еске  салады.

Материалды облыстық полиция департаментінің

баспасөз орталығы ұсынған мәліметтер негізінде

дайындаған Гүлжамал Жолдығали

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале