23.02.2017, 15:32
Оқылды: 58

Аудан әкімі «24 cағат» командасын қабылдады

Қаратөбелік жайдарманшылар Тұрсынбек Қабатовтың жетекшілігімен өтетін «Көңілді тапқырлар алаңы» сайысына қатысып, финалдық ойынға жолдама алған болатын. Ойыншылармен жүздескен Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров олардың  болашақ жоспарларымен танысып, ақ жол тіледі.


Кездесу барысында команда мүшелері қолдау көрсеткені үшін Қаратөбе ауданының әкімі Асқат Берлешұлына жоба жетекшісі Тұрсынбек Қабатовтың алғыс хатын табыс етті.

Айта кетейік, финалдық ойын сәуір айында өтеді. Онда 14 команда арасында мықтылар анықталмақ.

                                                                                           

 

Маралбек АМАНТАЕВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале