22.04.2026, 19:00
Оқылды: 6

Балалар қауіпсіздігі – ортақ міндет

Батыс Қазақстан облысы балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Афиза Болатқызы Жәнібек ауданының әкімі Тимур Серікұлымен арнайы кездесіп, өңірдегі өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады.

678510451_1606661108130224_988948962070506755_n
Қабылдау барысында балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы кеңінен сөз болды. Әсіресе, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ әлеуметтік осал топтағы отбасылармен жүргізілетін жұмыстардың тиімділігі назардан тыс қалған жоқ.
Тараптар аталған бағыттағы жұмысты жүйелеу, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және нақты нәтижеге бағытталған шараларды жандандыру қажеттігін атап өтті. Кездесу барысында алдағы кезеңге арналған бірлескен іс-шаралар жоспары пысықталып, әр салаға қатысты нақты міндеттер айқындалды.
Өз кезегінде аудан әкімі Тимур Серікұлы бұл бағыттағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ ол жауапты сала өкілдеріне бірлескен жұмысты үйлестіруді күшейтіп, нақты нәтижеге қол жеткізуді тапсырды.
Кездесу соңында аудан әкімі Афиза Болатқызының жұмысына табыс тілеп, алдағы міндеттерді жүзеге асыруда сәттілік білдірді.

Дәулет Гайнуллин

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале