31.07.2026, 16:30
Оқылды: 9

Казталовта әлеуметтік жобалар мен құрылыс нысандарының барысы бағамдалды

Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов аудан орталығындағы бірқатар әлеуметтік, инфрақұрылымдық және кәсіпкерлік нысандарды аралап, жүзеге асырылып жатқан жобалардың орындалу барысын пысықтады.

Алдымен аудан басшысы Амангелді көшесінде салынып жатқан қос пәтерлі үш тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Келесі балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға арналған «Bal Kids» ойын-кафесінің жұмысын көріп, кейін жаңғыртылып жатқан орталық базардағы құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.

image-31-07-26-02-44-12

Аудан басшысы әрі қарай аудандық көпбейінді аурухананың құрылыс алаңында болып, құрылыс жұмыстарының сапасына назар аударды. Нысанның мердігері - «Строительно-коммерческая фирма «Жайксельстрой» ЖШС. Сондай-ақ аудан әкімі ауылішілік жолдарды жаңарту жұмыстарының сапасын бағамдап, жобаны жүзеге асырып жатқан мердігер «Жайық Сити» ЖШС жұмысын бақылады. Сонымен қатар Сатқан Даниялов көшесінде бой көтеріп жатқан қос пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы да назардан тыс қалмады.

image-31-07-26-02-44-4

Ал Сексенбаев ауылында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында құс шаруашылығын дамытып отырған кәсіпкер Жұмалы Меңдігерейдің кәсібімен танысып, мал азығын дайындау жұмыстарының барысын көрді.

image-31-07-26-02-44-2 image-31-07-26-02-44-10

Сонымен қатар Сары өзеннен Қарасуға су айдау жұмыстарын бақылап, бұл бағыттағы жұмыс аудан орталығын техникалық сумен қамтамасыз етуде маңызы зор екенін атап өтті. Содан соң кәсіпкер Нәрік Дүйсеновке тиесілі «Туған жер» жазғы демалыс орнының қызметімен танысты.

image-31-07-26-02-44-1

Сондай-ақ аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2025–2026 оқу жылында республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларында жүлделі орын алған оқушылардың жетекшілеріне бір тіркеме шөп сыйға тарту бастамасы аясында Казталов мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлайым Төлегенқызы Өтегенованың үйіне барды. Гүлайым Төлегенқызының шәкірті Ерболатов Мұхамедәлі республикалық «Зерде» зерттеу жобалары байқауында спорт және туризм бағыты бойынша «Қой: дәстүр мен спорт» тақырыбындағы ғылыми жобасымен ІІІ орын иеленген.

image-31-07-26-02-44-9

Аудан әкімі ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту, тұрғын үй құрылысын жандандыру, жол сапасын арттыру және кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жұмыстардың орындалу барысы жан-жақты саралап, жауапты мердігерлерге және салалық бөлімдерге нақты міндеттер жүктеді.

 

Жайна Қабиболла,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале