31.07.2026, 16:45
Оқылды: 11

«Таза Қазақстан»: Бөрліде білім ұйымдары көгалдандыру жұмыстарын күшейтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы – қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және туған табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған маңызды бастама. Осы жоба аясында Бөрлі ауданының білім беру ұйымдарында мектеп пен бөбекжай аумақтарын көгалдандыру, оқу-тәжірибе үлескілерін дамыту және жылыжай жұмыстарын ұйымдастыру жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

WhatsApp Image 2026-07-24 at 13.33.37

Білім беру ұйымдарының аумағын абаттандыру – тек ағаш отырғызу немесе гүл егу ғана емес. Бұл – балаларды еңбекке баулитын, табиғатты аялауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелейтін маңызды тәрбие құралы. Ақсай қаласының №6 «Шаңырақ» бөбекжайында 2021 жылдан бері, ал №9 «Наурыз» бөбекжайында 2026 жылдан бастап заманауи шағын жылыжайлар жұмыс істейді. Поликарбонаттан жасалған жылыжайлар күн сәулесін жақсы өткізіп, өсімдіктердің қолайлы жағдайда өсуіне мүмкіндік береді.

WhatsApp Image 2026-07-24 at 13.33.37 (1)

Мұнда тәрбиеленушілер педагогтердің жетекшілігімен қияр, қызанақ, тәтті бұрыш, құлпынай және сәбіз өсіріп, оларды күтіп-баптауға қатысады.

WhatsApp Image 2026-07-24 at 13.33.41

Балалар өсімдіктердің өсу кезеңдерін бақылап, табиғатпен етене байланыс орнатады. Сонымен қатар ауданның 23 мектебінде жыл сайын мектеп жанындағы оқу-тәжірибе үлескілері жұмыс істейді. Жазғы демалыс кезеңінде оқушылар кезекшілікпен еңбек етіп, көкөніс пен бақша дақылдарын өсіреді. Қазіргі таңда мектептердің 60 пайызы тамшылатып суару әдісін енгізген. Бұл тәсіл суды үнемдеуге, өнімділікті арттыруға, арамшөптердің өсуін азайтуға, топырақтың эрозиясын болдырмауға және еңбек шығынын қысқартуға мүмкіндік береді.

WhatsApp Image 2026-07-24 at 13.33.38 (2)

Оқу-тәжірибе үлескілерінен алынған өнімнің бір бөлігі мектеп асханаларына өткізіліп, оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруға пайдаланылады. Ал артық өнім тұрғындарға және мектеп қызметкерлеріне сатылып, түскен қаражат келесі маусымға қажетті тұқымдар, көшеттер мен бақша құралдарын сатып алуға жұмсалады.

WhatsApp Image 2026-07-24 at 13.33.40 (4)

Ауданымызда жүзеге асырылып жатқан бұл жұмыстар балалардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғатты қорғау жауапкершілігін сезінуге және туған жерге деген сүйіспеншілігін нығайтуға зор үлес қосуда.

 

Анаргүл Кушербаева

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале