31.07.2026, 10:00
Оқылды: 12

Шыңғырлауда ерлер арасында аудандық волейбол турнирі өтті

Шыңғырлау ауданы тұрғындары арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және волейбол спортын дәріптеу мақсатында ерлер арасында аудандық волейбол турнирі ұйымдастырылды.

image-31-07-26-03-45

Тартысты дода аудандық денешынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде өтіп, оған ауданның әр ауылдық округтері мен спорт ұйымдарының атынан алты команда қатысты. Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерін танытып, көрермендерге әсерлі ойын сыйлады. Әр кездесуде командалар өзара шеберлік байқасып, тартысты бәсеке өрбіді.

image-31-07-26-03-44

Турнирдің ашылу салтанатында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Олжас Сейтімов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде бұқаралық спортты дамыту – ұлт денсаулығын нығайтудың маңызды тетігі екенін атап өтіп, мұндай жарыстардың тұрғындарды белсенді өмір салтына баулудағы маңызына тоқталды.

Жарыс қорытындысы бойынша барлық кездесуде жоғары ойын өрнегін көрсеткен «Алмаз» ауылдық округінің командасы жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, аудан чемпионы атанды. Екінші орынды балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы иеленсе, үздік үштікті «Ащысай» ауылдық округінің командасы түйіндеді.

image-31-07-26-03-44 (1)

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан дипломдармен марапатталды.

Осындай спорттық шаралар өңір тұрғындарының денсаулығын нығайтып қана қоймай, жастарды спортпен тұрақты айналысуға ынталандырып, ауылдар арасындағы достық пен ынтымақтастықты арттыруға зор ықпал етеді. Бұқаралық спортты дамыту бағытындағы мұндай турнирлер алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенім мол.

 

Светлана Ешматқызы

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале