Орал қаласындағы «Жайық арена» спорт кешенінде зейнет жасындағы ардагерлер арасында облыстық VI спартакиада өтті.

Спартакиада Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылып, ардагерлер волейбол, үстел теннисі, дойбы, шахмат және тоғызқұмалақ спорт түрлері бойынша бақ сынады.


Жарыс қорытындысы бойынша волейболдан Орал қаласының командасы жеңімпаз атанса, үстел теннисінде Орал қаласының өкілі Геннадий Султанов, дойбыдан Орал қаласының өкілі Любовь Чистякова, шахматтан Бәйтерек ауданының спортшысы Таир Жумабаев, тоғызқұмалақтан Бөрлі ауданының өкілі Айтбай Тастайбеков бірінші орынды иеленді.

Жалпыкомандалық есепте І орынды Орал қаласы, ІІ орынды Бөрлі ауданы, ІІІ орынды Сырым ауданы иеленді.

Камешова Ақерке
Суреттер автордан
zhaikpress