Өңірде тау туризмі техникасынан М. Жұмаев жүлдесіне арналған дәстүрлі ашық жарыс өтті. Аталған шараны облыстық білім басқармасы ұйымдастырды.

Жарысқа өңірдің 12 ауданы мен Орал қаласынан 125 спортшы қатысты. Қатысушылардың дайындығын саралаған қазылар алқасы Ақжайық, Бөрлі және Қаратөбе аудандарының командалары жоғары деңгейде өнер көрсеткенін атап өтті.
Жарыс бағдарламасына сай қатысушылар «Байлам», «Жеке», «Командалық» және «Эстафета» кезеңдерінде сынға түсті. Сайыстар жас ерекшеліктеріне қарай балалар, жасөспірімдер және ересектер топтары бойынша өткізілді.
«Байлам» кезеңінде:
Жасөспірімдер арасындағы ерлер жұбы:
І орын – Ақжайық ауданы (А. Қайырғалиев, Г. Ерғали)
ІІ орын – Бөрлі ауданы (Т. Маликов, Б. Алипов)
ІІІ орын – Казталов ауданы (Б. Қасымғали, Е. Әділбек)
Жасөспірімдер арасындағы аралас жұптар сайысы:
І орын – Бөрлі ауданы (Е. Ишанов, А. Оразалы)
ІІ орын – Жәнібек ауданы ( Ә. Серік, Н. Марат)
ІІІ орын – Қаратөбе ауданы (Ә. Жәңгірханұлы, А. Мұзафар)
Балалар тобы, ерлер жұбы:
І орын – Бөрлі ауданы (Р. Камашев, Н. Мұхамбетов)
ІІ орын – Қаратөбе ауданы (Е. Жалел, Н. Мажит)
ІІІ орын – Ақжайық ауданы (Д. Серік, Н. Керей)
Балалар тобы, аралас жұптар:
І орын – Жәнібек ауданы (С. Рысбекұлы С, Г. Мұхат)
ІІ орын – Тасқала ауданы (М. Самигуллов, А. Азбек)
ІІІ орын – Бөкей ордасы ауданы (Д. Абзалұлы, Ж. Нұрланова)
«Жеке» кезең нәтижелері:
Жасөспірім ұлдар:
І орын – Бахтияр Алипов (Бөрлі ауданы)
ІІ орын – Әмірхан Жәңгірханұлы (Қаратөбе ауданы)
ІІІ орын – Серік Әлібек (Казталов ауданы)
Жасөспірім қыздар:
І орын – Балауса Мендеш (Ақжайық ауданы)
ІІ орын – Айару Оразалы (Бөрлі ауданы)
ІІІ орын – Аружан Маратова (Бәйтерек ауданы)
Қыздар:
І орын – Гүлназ Мұхат (Жәнібек ауданы)
ІІ орын – Жанерке Нұрланова (Бөкей ордасы ауданы)
ІІІ орын – Линара Сұлтанбек (Жаңақала ауданы)
Ұлдар:
І орын – Нәби Мұхамбетов (Бөрлі ауданы)
ІІ орын – Радмир Камашев (Бөрлі ауданы)
ІІІ орын – Жалел Ерасыл (Қаратөбе ауданы)
Эстафета кезеңі:
І орын – Ақжайық ауданы
ІІ орын – Бөрлі ауданы
ІІІ орын – Жәнібек ауданы
Командалық кезең:
І орын – Бөрлі ауданы
ІІ орын – Ақжайық ауданы
ІІІ орын – Жәнібек ауданы
Жалпыкомандалық есеп:
І орын – Бөрлі ауданы
ІІ орын – Қаратөбе ауданы
ІІІ орын – Ақжайық ауданы
Жарыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім басқармасының дипломдары, медальдары және кубоктарымен марапатталды. Бұл жарыс жас туристердің тәжірибесін арттырып қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттауға және өңірдегі спорттық туризмді дамытуға зор үлес қосты.
Түгелбай Бисен,
«Орал өңірі»