25.04.2026, 16:30
Оқылды: 62

Таза Қазақстан: 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды

Орал қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Игілікті шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, қоғам белсенділері, ардагерлер мен жастар атсалысты.

f1e2b8fb-3507-445c-868f-5767bd0f4b32

Жиналғандар алдымен Шаған өзенінің жағалауын тазалап, абаттандырды. 500-ден астам адам қатысқан акцияда қарағай, үйіңкі, сүмбіл терек, шаған ағаштарының көшеттері отырғызылды.

122cc810-0861-4b04-8c1c-9ef7bb2396ea

Аймақ басшысы Президент тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өңірде кең көлемде жүзеге асырылып жатқанын айтып, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен табиғатты аялаудың мемлекеттік маңызына тоқталды.

8d4f8345-18b9-4c82-beed-775d31505674

- 2024 жылдың сәуір айынан бері сенбіліктерге 500 мыңға жуық батысқазақстандық қатысты, 221 мың гектар аумақ тазартылды, 172 мың тонна қатты-тұрмыстық қалдықтар арнайы полигондарға шығарылды, 313 085 түп ағаш егілді. Ауқымды көгалдандыру аясында кейінгі 5 жылда облыстағы мемлекеттік орман қоры аумағында 41 млн дана ағаш, ал елді мекендерде 727 мың дана ағаш отырғызылды. Табиғатты қорғау – құр сөз емес, ол баршамыздың ортақ борышымыз. Халықтың өмір сапасын жақсарту мен айналаны көркейту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады, -деді Нариман Төреғалиев.

fba16f83-b51f-4ff9-8ca2-9df516b0376b
Акция өңір аудандарында да ұйымдастырылды. 120000 мың адам белгіленген аумақтарды көң-қоқыстан арылтып, тал-теректер отырғызды.

b8adabe6-8421-4416-b339-5dea370e0e60

4e0acad7-1ff7-474e-a341-4ae6bba7030e

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале