25.04.2026, 17:30
Оқылды: 4

Егіндікөлдіктер тал егіп, бұлақ басын тазартты

Бүгін Қаратөбе ауданына қарасты Егіндікөл ауылдық округінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті. Сенбілікте Егіндікөл ауылының халқы «Жасыл болашақ» акциясы аясында тал отырғызу жұмыстарын, «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында ауыл маңындағы бұлақ көзін ашып ауылды абаттандыруға атсалысты.

WhatsApp Image 2026-04-25 at 15.01.39 (6)

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбіліктің ашылу салтанатында Егіндікөл ауылдық округінің әкімі Зейнолла Қалиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Сафуллин сөз сөйлеп ауыл тазалығын сақтап, елді мекенді көгалдандыруға үлес қосу әр тұрғынның парызы екендігін атап өтті.

WhatsApp Image 2026-04-25 at 15.01.39 (1)
Кезегінде сөз алған Қаратөбе ауданының құрметті азаматы, «Жасыл болашақ» ағаш отырғызу акциясына демеушілік жасаған жерлес кәсіпкер Жарқын Тәжіғалиев ауылдастарына ыстық лебізін жолдады.
Сенбіліктің ашылу салтанатында ауыл жайлы өлеңдер оқылып, әсем ән де шырқалды.
Алдымен сенбілікке қатысушылар ауылдық округ әкімшілігі ғимаратының алдына 10 түп алма көшетін, 4 түп алмұрт көшетін, 5 түп шие көшетін отырғызды. Содан соң, ауыл маңындағы бұлақ маңына барған ауыл тұрғындары 200 түп көктерек ағашының көшетін екті.

WhatsApp Image 2026-04-25 at 15.01.39 (7)
Тап-таза суы ағып жатырған бұлақ басына келген сенбілікке қатысушылар «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында бұлақ көзін ашып, бұлақ басын арамшөптерден тазартты.

Серікбай Хасанов

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале