Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов төрағалығымен Қазталов ауданында өткен жиында сөз болды. Жиынға аудан әкімі Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің басшылары, округ әкімдері, шаруа қожалық жетекшілері қатысты.
-Бүгінде өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп отырған тұрғындардың басым көпшілігі ауылдан шығуда. Ауыл шаруашылығы кооперативін құру үшін 20-дан астам жеке кәсіпкер міндетті түрде болу керек. Ірі қара малды бордақылау үшін мемлекет әрбір кооператив мүшесіне несие береді. Сонымен қатар үкімет тарапынан сатып алынған мал басына және оны бордақылап арнайы ет қабылдайтын пунктерге тапсыру кезінде субсидия беріледі. Бүгінде облысымызға 3,2 млрд теңге қаржы бөлінбек. Қазіргі таңда көптеген жеңілдіктер бар. Осы жеңілдіктерді барынша пайдаланып қалуымыз керек,-дейді Арман Кәрімұлы.
Ал Қазталов аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сергей Тоқпанов Қазталов ауданы бойынша баяндап, несиені алу және оның қайтару мерзімдері және кепілдік туралы ақпарат берді.
-Ауыл шаруашылық кооперативтерін құрып, оның жұмысын жандандыруымыз қажет. Кез-келген құжаттарыңыз дұрыс болу керек,-деген облыс әкімінің бірінші орынбасары тиісті мекеме басшыларына кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының заңды тіркелуін бақылауды тапсырды.
Тұрарбек АҚМУРЗИН,
Жалпақтал ауылы
zhaikpress.kz