27.04.2026, 10:30
Оқылды: 11

Қазақстан құрамасы – Азия чемпионатының көшбасшысы

Ташкент шаһарында өткен дойбыдан Азия чемпионаты өңір спорт үшін тарихи табыспен түйінделді. Сары құрлықтың 15 елінен жиналған 300-ге жуық жас дойбышы сынға түскен байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған облыс дойбышылары айрықша шеберлік танытып, ел мерейін үстем етті.

WhatsApp Image 2026-04-27 at 10.48.09
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 21 медаль жеңіп алды. Оның 10-ы алтын, 6-ы күміс, 5-і қола жүлде. Бұл жүйелі дайындық пен табанды еңбектің жемісі.

WhatsApp Image 2026-04-27 at 10.48.11
Әсіресе, жас дарындарымыздың жарқын жеңісі жанкүйер көңілін серпілтті. Әнел Дәулетова үш бірдей бағдарламада топ жарып, өзінің жоғары деңгейдегі шебер екенін дәлелдеді. Тоғжан Тәжібекова да үш дүркін чемпион атанып қана қоймай, халықаралық гроссмейстер нормативін орындады. Осылайша Тоғжан ел спорты тарихындағы маңызды белесті бағындырды. Әлішер Болатов екі мәрте жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілсе, Айбар Қадырболат пен Алтынай Саматова өз жас ерекшеліктері бойынша чемпион атанып, үміт үдесінен шықты.

WhatsApp Image 2026-04-27 at 10.48.11 (1)
Күміс және қола жүлдегерлер қатарындағы спортшылар да тартысты бәсекеде табандылық танытып, ел қоржынына бағалы ұпайлар салды. Олардың әрқайсысы болашақ үлкен жеңістердің иесі.

WhatsApp Image 2026-04-27 at 10.48.11 (2)
Бұл табыс өңірлік спорт мектебінің жүйелі жұмысы мен жаттықтырушылар еңбегінің нәтижесі.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале