Іш ауырып, диарея басталса, көп адам бірден "уланып қалдым" деп ойлайды. Алайда гастроэнтеролог Кристин Лидің айтуынша, мұндай белгілердің себебі кейде мүлде басқа болуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сурет: istockphoto.com
Дәрігердің сөзінше, кейбір дәрумендер мен тағамдық қоспалар асқазанның шырышты қабатын тітіркендіріп, жайсыздық тудыруы ықтимал. Әсіресе құрамында темір, С дәрумені және кальций бар препараттарды қабылдағанда абай болған жөн. Олар адамда асқазан-ішек жолы аурулары болмаса да, жүрек айну, іш өту және іштің ауыруына себеп болуы мүмкін.
Сондай-ақ, дәрігер дәрумендерді мөлшерден тыс ішпеуге және мүмкіндігінше пайдалы заттарды күнделікті тағамнан алуға кеңес берді.