27.04.2026, 11:15
Оқылды: 10

Ғалымдар жүрек қатерлі ісігінің неге сирек кездесетінін анықтады

KAZINFORMҒалымдар жүректің қатерлі ісікке сирек шалдығуының себебін оның үздіксіз жиырылуымен байланыстырады, деп жазды DW.Италияның Триест қаласындағы Халықаралық гендік инженерия орталығының (ICGEB) зерттеушісі Серена Заккинья бастаған топ жүректің тұрақты қозғалысы ісік жасушаларының дамуына кедергі келтіреді деген болжам ұсынды.

Heart attack and heart disease, ecg background. 3d illustration

Сурет: istockphoto.com

Зерттеу барысында ғалымдар бірнеше тышқанға екінші жүрек трансплантациялаған. Бұл жүрек қанмен қамтамасыз етілгенімен, толыққанды соқпай, насос қызметін атқармаған. Кейін жануарлардың ағзасына ісік жасушалары енгізілген.

Нәтижесінде соқпай тұрған жүрек толықтай ісік жасушаларына зақымданған, ал қалыпты жұмыс істеп тұрған жүректе қатерлі ісік дамымаған.

Ғалымдар әрі қарай зерттеу жүргізіп, ісік жасушаларына ең көп әсер ететін факторды анықтаған. Олар жүрек тінін өсіріп, жасушалардың қысым мен созылуға реакциясын бақылаған. Белгілі болғандай, ісіктің дамуына кедергі келтіретін негізгі фактор – қысым.

Мамандардың айтуынша, бұл жаңалық болашақта қатерлі ісікті емдеудің жаңа тәсілдерін әзірлеуге жол ашуы мүмкін. Дегенмен әзірге бұл нәтижелерді тәжірибеде қолдану мүмкіндігі толық анықталған жоқ.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале