Оралда отырып ойнайтын волейболдан тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионатының бірінші кезеңі өтті.

Жарысқа еліміздің 9 өңірінен келген командалар қатысты. Олар бірнеше күн бойы көрермендерге тартысты ойындар ұсынды.
Бірінші кезең қорытындысында 18 ұпай жинаған Маңғыстау облысының командасы үшінші, 21 ұпай қанжығалаған Қызылорда құрамасы екінші орынға жайғасса, 24 ұпай еншілеген Атырау облысының командасы бірінші орынды жеңіп алды.

Айта кету керек, ел чемпионаты үш кезеңнен тұрады.

Екінші кезең Ақтөбе қаласында өтеді. Осы сындарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар ұлттық құрама сапына еніп, әлем чемпионатына ел намысын қорғауға мүмкіндік алады.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz
