27.04.2026, 15:30
Оқылды: 13

Қаратөбе ауданында жасыл бастама жалғасуда

Қаратөбе ауданы аумағында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатында «Жасыл болашақ» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, сенбілік өтті.

 тал (2)

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Ғабит Талаптанұлы сөз алып, акциясының маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға алғысын білдірді.

– Жасыл болашақ” акциясы – тек бір реттік сенбілік емес, ол – тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғатты аялау мен қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды бастама. Мұндай игі істер арқылы біз туған жеріміздің тазалығына, көгалдандырылуына және жалпы экологиялық ахуалдың жақсаруына бірлесе үлес қосамыз. Әрбір тұрғынның белсенділігі – ауданымыздың көркеюіне, болашақ ұрпаққа қолайлы орта қалыптастыруға қосылған нақты қадам, - деді.

Сенбілік барысында арнайы бөлінген аумақтарда тазалық жұмыстары жүргізіліп, барлық саябақтарда ағаштарды күтіп-баптау, қатты тұрмыстық қалдықтар орындарының айналасын тазарту шаралары атқарылды. Аудан орталығы мен ауылдық округтерде көшелер мен қоғамдық орындарды ретке келтіру жұмыстары да қатар жүргізілді.

тал (4)

Жалпы сенбілікке аудандық мекемелер қызметкерлері, ауыл тұрғындары, еріктілер, жастар бірлестіктері белсенді қатысып, барлығы 868 адам жұмылдырылды. Іс-шараға 18 техника тартылып, 32 тонна қоқыс арнайы орындарға шығарылды. Сонымен қатар 17 гектар аумақ тазартылып, санитарлық жағдайы жақсартылды.

«Жасыл болашақ» акциясы аясында аудан көлемінде көгалдандыру жұмыстары да қарқын алды. Мекемелер ауласына, саябақтарға және жеке секторларға әртүрлі көшет түрлерінен барлығы 1482 дана жас көшет отырғызылып, күтімге алынды. Бұл жұмыстар ауданның экологиялық ахуалын жақсартуға және тұрғындар үшін жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Сондай-ақ Орал қаласынан келген «Э.Кулниязова» жеке кәсіпкерлігі аудан тұрғындарына жеміс ағаштары, гүл көшеттері, минералды тыңайтқыштар мен жеміс-жидек тұқымдарын қолжетімді бағамен ұсынды. Бұл тұрғындардың жеке аулаларын көгалдандыруға деген қызығушылығын арттырды.

тал (1)

Игі бастамаға жыл сайынғы мектеп түлектері де үлес қосып, өз қаражаттары есебінен мектеп аулаларына көшет отырғызу жұмыстарын жүргізді. Бұл – туған жерге деген жанашырлықтың, өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетінің жарқын көрінісі.

 

Р.Абай,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале