29.04.2026, 11:30
Оқылды: 12

Киік мүйізін экспорттау: нормативтік-құқықтық актілер әзірленіп жатыр

Киік мүйізін экспорттауға арналған құжаттар пысықталып жатыр. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлім етті.  Ведомство мәліметіне қарағанда, осы уақытқа дейін киік мүйіздерін өткізудің нақты тетігі айқындалмаған.

— Осыған байланысты министрлік қазіргі кезде киік мүйіздерін өткізу тәртібін реттейтін тиісті нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Critically endangered wild Saiga antelopes (Saiga tatarica) at watering in morning steppe. Federal nature reserve Mekletinskii, Kalmykia, Russia, August, 2015

                                                                     Сурет: istockphoto

 

Еске салсақ, былтыр желтоқсан айында Қазақстан киік мүйізін экспорттайтыны мәлім болды.

Ал биыл наурыз айында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев одан түскен қаражат қай мақсатта жұмсалатынын айтты. Ақша биоалуантүрлілікті сақтауға, киіктерді қорғауға, шаруашылықтарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жұмсалады

Бұл ретте Сауда министрлігімен бірге экспорт жүйесі пысықталып жатыр.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале