29.04.2026, 17:45
Оқылды: 12

Қазақстанда дәрігерлерді даярлаудың интеграцияланған моделі енгізіледі

Мақұлданған заң жобасының жеке блогы жоғары білім беру жүйесін, соның ішінде медициналық білімді жетілдіруге бағытталған. Негізгі мақсат – мамандарды даярлау сапасын арттыру, олардың денсаулық сақтау жүйесіне тезірек араласуын қамтамасыз ету және кадр тапшылығын азайту, - деп жазады Мәжілістің Telegram желісіндегі ресми арнасы. 

медицина жп аралтал (1)

Ұсынылып отырған өзгерістердің негізінде интеграцияланған медициналық білім беру моделіне көшу көзделеді. Ол жоғары оқу орнында 6 жыл оқуды және 1 жыл толыққанды интернатураны қарастырады. Интернатураны аяқтаған соң түлектер медициналық практикаға кірісуге құқылы болады.

Бұл ретте, интернатура іс жүзінде клиникалық тәжірибе кезеңіне айналады. Атап айтқанда клиникалық тәжірибе кезінде тәлімгердің тұрақты бақылауы, нақты белгіленген жауапкершілік деңгейі, еңбек тәртібі қамтамасыз етіліп, медициналық цифрлық жүйелер қолжетімді болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале