Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев іссапармен Теректі ауданында болды. Алдымен Подстепное ауылындағы көпқабатты 13 үйдің құрылыс барысымен танысып, қазіргі таңдағы жасалып жатқан жұмыстарға көз жеткізді.

Подстепное мекен жайы бойынша құрама монолитті қаңқадан бірінші қабаты тұрғын үй емес үй-жайлармен көп қабатты көппәтерлі 7 тұрғын үй және 4 қабатты көппәтерлі 6 тұрғын үй құрылысымен танысқан облыс басшысы Нариман Төреғалиұлы болашақта аталған көпқабатты үйлерде тұратын тұрғындарға арнап балабақша ашуды тапсырды.

Қазіргі уақытта Подстепное ауылындағы аталған үй құрылысын «Жаиксельстрой» ЖШС мердігер компаниясы жүргізуде. Жобаның құны – 7,9 млрд.тг құрайды. Пәтер саны – 228. Ағымдағы жылдың шілде айында аяқталады деп күтілуде. Қазіргі таңда игерілген қаражат – 6,6 млрд.тг (84%) Орындалған жұмыс көлемі – 80%-ды құрайды. Сонымен қатар өңір басшысы айналасын абаттандыру және құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізуді қадағалап айтты. Одан кейін облыс әкімінің жұмыс сапары Магистральное ауылындағы «KAZAKHTRANSOIL» ЖШС-нде жалғасын тапты. Бұнда биоотын өндіру цехы іске қосылып, қазіргі таңда шығарған өнімдерін шетелге экспорттауда. Аталған серіктестіктің негізгі қызмет бағыты күнбағыс қауызын түйіршіктеу және күнбағысты терең өндеу (ядро шығару), снэк және кондитерлік өнімдер өндіру және сыра зауытын салуды көздеп отыр. Жобаның негізгі кұны – 17 млрд теңгені құрайды. Бірінші кезеңде өндірісті жергілікті жерге орналастыру (500 млн.тг), зауыт салу үшін (4 млрд.) теңгені қажет етсе, ал екінші кезеңде – 12,5 млрд. теңге, яғни өндірісті кеңейту – снэк және кондитерлік өнімдер өндіретін цехтар салу мен сыра зауытының құрылысына жұмсауды жоспарлауда. Жобаның қуаттылығы – жылына 200 мың тонна түйіршіктер өндіруді көзделуде. Аталған серіктестік 50 адамға дейін жұмыс орындарын ашуды жоспарға алып отыр. Қазіргі таңда өндірісті жергілікті жерге орналастыру үшін "Integra Construction KZ" ЖШС-мен үй-жайлар мен жер учаскесін жалға алу шарты жасалған. Қуаттылығы 2500 кВт электр қуаты жүргізілген. Сонымен қатар 100 млн. теңге сомасына жабдықтар сатып алынған және монтаждау жұмыстары жүргізілген. Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Нариман Төреғалиұлы аталған зауыт басшылығына жұмыстарын әрі қарай жандандырып, даму жолында аянбай еңбек етуді тапсырды.

«Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстарына көз жеткізген облыс басшысы мердігерлерге Теректі ауданы аумағындағы жол құрылысы жұмыстарын сапалы аяқтауды қадағалап айтты. Сонымен қатар «Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолын қайта жаңғырту бойынша Теректі ауданы аумағының 36-72 км аралығындағы құрылыс жұмыстарын «Адал Арна» ЖШС жүргізуде. Аталған жоба құны – 26,9 млрд. теңгені құрайды. Оған арнайы барған облыс әкімі Нариман Төреғалиев аталған мердігер компания өкілдеріне халықтың игілігіне пайдаланатындай сапалы жол салуды тапсырды.
Теректі ауданының орталығында көптен бері күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселелердің бірі – ауыз су мәселесі. Бірнеше жылдан бері шешімін таппай келе жатқан ауыз су мәселесіне облыс әкімі де ат басын бұрып, ауыл ішіндегі су мұнарасына барды. Ондағы мердігермен пікірлесіп, ағымдағы жылы ауыз су мәселесінің нүктесін қою керектігін айтты. Қажетті қаражат толықтай бөлінгенін және ендігі жерде сапалы жұмыс атқарып тұрғындарға ауыз суды тоқтаусыз жеткізу керектігін облыс әкімі Нариман Төреғалиев қадағалап тапсырды.
Темірболат Әнуарұлы
Теректі ауданы