30.04.2026, 10:15
Оқылды: 20

Теректі ауданы әкімдігінде оқушыларға арналған ашық есік күні ұйымдастырылды

Танымдық шараның басты мақсаты – жас буынға мемлекеттік қызметтің қыр-сырын таныстырып, кәсіби бағдар беру болды.

678227774_3277314262450445_7661144624129518131_n

Іс-шараға 11 сыныптың 19 оқушысы қатысты. Топты сынып жетекшісі Нұрқанат Орынғалиев бастап келді.

Қатысушылар алдымен аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың қабылдауында болып, оның кабинетін көрді. Кездесу барысында аудан әкімі алдағы ҰБТ-ға сәттілік тілеп, білімнің маңызын атап өтті.

679457056_3277314322450439_8672686962831408610_n

Аудан әкімінің орынбасары Дархан Абдрашитовпен жүздесіп, қызмет барысымен танысты. Ол да түлектерге ізгі тілегін білдіріп, мемлекеттік қызметке келуге шақырды. Сонымен қатар ҰБТ нәтижелері мен болашақ мамандық таңдауы жайында сөз қозғап, ауданға қажетті салаларды атап өтті.

677780622_3277314382450433_2287431242760208559_n

Шара аясында әкімдік құрылымындағы бірқатар бөлімдердің қызметі таныстырылды. Атап айтқанда, бас заңгер, персоналды басқару бірыңғай қызметі (кадр қызметі) және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Идрескалиев Сәкен мемлекеттік қызмет пен кадрлық, құқықтық жұмыстар жөнінде мәлімет берді.

Ал құжаттамалық және қаржы-шаруашылық қызметтерді қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Айзада Сәрсенова бөлімнің негізгі бағыттары мен құжат айналымын түсіндірді.

679452210_3277314119117126_5971870251918124467_n

Ұйымдастыру және бақылау жұмыстары, мемлекеттік қызмет мониторингі және ақпараттандыру бөлімінің басшысы Қаламқас Сұлтанова оқушыларды аудан әкімдігі аппаратының жұмыс барысымен таныстырып, болашақта мықты маман болуларына тілектестік білдірді.

Ашық есік күні жас буынға мемлекеттік қызметтің жұмысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

 

Әдемі Талғатқызы,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале