30.04.2026, 11:00
Оқылды: 22

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік

Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу аясында мемлекеттік органдар, бизнес қауымдастық және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен бірқатар диалог алаңдары өтті.

WhatsApp Image 2026-04-30 at 11.52.08

Талқылаулар барысында мемлекеттік басқарудағы ашықтықты арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейту, цифрландыру мен автоматтандыруды кеңейту, сондай-ақ жасанды интеллект элементтерін енгізу мәселелері қаралды. Сонымен қатар бизнес құқықтарын қорғау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, кері байланыс тетіктерін дамыту бағыттарына ерекше назар аударылды.

Азаматтық қоғам өкілдері қоғамдық бақылауды күшейту, ашық деректерді тиімді пайдалану, құқықтық сауаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ұсыныстарын білдірді.

Іс-шаралар қорытындысы бойынша барлық тараптардың бірлескен іс-қимылының маңыздылығы атап өтіліп, түскен ұсыныстар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу барысында ескерілетін болды.

 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале