30.04.2026, 16:00
Оқылды: 18

Теректіде «Адал азамат – ұлт тірегі» тақырыбында тағылымды кездесу өтті

Теректі аудандық мәдениет үйінің кіші залында республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Жамбыл облысы “Һибатулла Тарази” орталық мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлымен “Адал азамат” тақырыбында кездесу өтті.

675378642_18217908973316896_6952155510743673940_n

Жүздесу барысында имам отбасы құндылықтары, ата-ана, туыстық қарым-қатынас жайында әңгіме өрбітіп, қазақы дәстүр шариғатпен ұштасатыны жөнінде сөз етті. Сонымен қатар Нұралы Бақытұлы бүгінгі таңда аталар мен әжелер мектебінің маңызын атап өтті. Отырыс аясында басқа да өзекті тақырыптар қозғалды, атап өтсек бүгінгі қонағымыз тәлім-тәрбиеге қатысты балалардың бейімділігін жастайынан анықтау маңызды екенін жеткізді. Оларды икеміне қарай басымдық беріп, дамытып, сондай-ақ кішкентайынан еңбекке баулудың қажеттілігі туралы тілге тиек етті.

671142629_18217909006316896_2975409095896275960_n

Жиын барысында өз дәстүрінен жиреніп, домбыраға, наурыз тойлауға қарсы адамдарға да қатысты өз пікірін білдіріп:

- Тура жолдан адаспау үшін дәстүрді берік ұстану керек,- деді имам.

Аталмыш кездесуде қатысушылар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, арнайы мейманмен пікір алмасты.

 

Қаламқас Аманжолқызы,

 Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале