30.04.2026, 14:45
Оқылды: 12

Сырым жұртшылығы Бірлік күнін сән-салтанатпен атап өтті

Бүгін Сырым ауданында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған “Қазақстан – достық пен бірліктің мекені” атты мерекелік шара өтті.

PHOTO-2026-04-30-11-34-48

Аудандық мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен өткен салтанатты кешке аудан тұрғындары жиналып, басты құндылық - ынтымақты ту қылып көтерді. Сахна төрінде ауданымыздың талантты көркемөнерпаздары өнер көрсетіп, ән мен жырдан шашу шашты. Әр ұлттың мәдениетін дәріптейтін қойылымдар мен ұлттық билер көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

PHOTO-2026-04-30-11-34-45

Мерекелік жиынның шымылдығын аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов ашып, жиналған жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтады.

PHOTO-2026-04-30-11-34-55

– Құрметті жерлестер! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – татулық пен тұрақтылықты ту еткен, сан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқанын айшықтайтын ерекше мереке. Біздің басты байлығымыз – ел ішіндегі ауызбіршілік пен өзара сыйластық. Осындай береке-бірліктің арқасында ауданымыз да жылдан-жылға дамып, өркендеп келеді. Алдағы уақытта да осы ынтымақты сақтап, жас ұрпаққа үлгі ету – баршамыздың ортақ міндетіміз. Әр шаңыраққа амандық, денсаулық, бақ-береке тілеймін! Бірлігіміз бекем, тірлігіміз көркем болсын! – деді аудан басшысы.

 

Қоңдыкер Елеуов,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале