1.05.2026, 10:00
Оқылды: 69

Облыс әкімі батысқазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев батысқазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

IMG_2742

Құрметті Ақ Жайық жұртшылығы!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!
Бұл мереке – ел ішіндегі татулық пен тұрақтылықтың, өзара құрмет
пен сенімнің жарқын көрінісі. Тәуелсіз Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі – түрлі этнос пен мәдениет өкілдері ортақ мақсат жолында еңбек етіп, тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайтуды әрдайым басты назарда ұстайды. Президентіміз атап өткендей, ел бірлігі – мемлекетіміздің басты құндылығы әрі тұрақты дамудың берік негізі.
Біздің өңір де татулық пен ынтымақтың алтын бесігі. Облыста түрлі этнос өкілдері бір үйдің баласындай бір-біріне бауыр басып, ел дамуына өз үлестерін қосуда. Әр салада еңбек етіп жүрген батысқазақстандықтардың қажырлы еңбегі мен жарасты ынтымағының арқасында облысымыздың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті нығая түсуде.
«Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген қанатты сөздің мән-мазмұны терең. Қоғамдағы татулық-түсіністік пен өзара сыйластық – бейбіт өмір
мен жарқын болашақтың кепілі.

Қадірлі жерлестер!

Осынау мереке күні баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, шаңырақтарыңызға амандық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, ынтымақ-бірлігіміз нығая берсін!

Игі тілекпен:
Батыс Қазақстан облысының әкімі
Нариман Төреғалиев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале