«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының Jastar Research Hub атты жаңа жобасы басталды. Бұл бастама жастардың аналитикалық ойлау қабілетін жетілдіріп, жас сарапшылар қатарын қалыптастыруды көздейді.

Жобаға қатысуға магистратура мен докторантурада оқитын студенттер шақырылады. Өтінім қабылдау 2026 жылғы 4 мамыр мен 4 маусым аралығында жүргізіледі. Іріктеу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен әлеуметтік сала өкілдері қатысатын комиссия жобаның 20 қатысушысын анықтайды.
Қатысушылар 15-19 маусым аралығында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ұйымдастырылатын бір апталық оқу бағдарламасынан өтеді. Оқыту барысында қатысушылар аналитикалық және зерттеу дағдыларын жетілдіріп, нақты мысалдар негізінде жұмыс істеуді меңгереді.
Жоба аясында қатысушыларға алдағы уақытта да қолдау көрсетіліп, үздік жұмыстар мемлекеттік органдарға ұсынылады.
Зерттеу тақырыптары келесі бағыттарды қамтиды:
• Жастар саясаты, инфрақұрылым, ұтқырлық және туризм;
• Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект;
• Мемлекеттік басқару;
• Мәдени дипломатия және креативті индустрия;
• Өңірлік саясат және қоғамдық көңіл-күй;
Толық ақпарат және өтінім беру тәртібін келесі сілтеме арқылы білуге болады:
https://eljastary.kz/?p=2246