5.05.2026, 12:30
Оқылды: 14

Қазақстанда электр энергиясын өндіру артты

«KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов Үкімет отырысында өткен күзгі-қысқы кезеңнің қорытындылары және алдағы 2026-2027 жылдарға дайындық туралы баяндады.

5460796255828121260

Ол өткен күзгі-қысқы кезеңде Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің тұтыну максимумы 2025 жылғы 18 желтоқсанда тіркеліп, 17 724 МВт-ты құрағанын атап өтті. 2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңмен салыстырғанда жүктеме максимумы 3%-ға өсіп, 521 МВт-ты құрады.

2025 жылы электр энергиясын тұтыну 2024 жылмен салыстырғанда 4,6 млрд кВтсағ немесе 3,8%-ға артып, 124,6 млрд кВтсағатты құрады.

2025 жылы электр энергиясын өндіру 5,2 млрд кВтсағатқа немесе 4,4%-ға өсіп, 123,1 млрд кВтсағатты құрады.

2026-2027 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде максималды тұтыну көлемінің деңгейі 18,2 ГВт болады деп күтілуде. Алдағы күзгі-қысқы кезеңнен тиімді өту үшін блоктық стансалар келесі режимде жұмыс істеуі қажет:🟦

Екібастұз ГРЭС-1 – 8 блок; 🟦

Екібастұз ГРЭС-2 – 2 блок;

«ЕЭК» акционерлік қоғамы – 7 блок;🟦

Жамбыл ГРЭС-і – 4 блок (бір резервтік блокты дайындық жағдайында ұстап отыру қажет).

Сонымен қатар: 🟦

жоспарланған қуатты іске қосуды қамтамасыз ету қажет (Түркістан БГҚ, Қызылорда БГҚ, Алматы ЖЭО 2 мен ЖЭО 3-тің БГҚ және басқалары);🟦

Жүйелік оператормен келісілген мерзімде негізгі генерациялайтын және электр желілік жабдықтарды жөндеуді жоспар бойынша орындау қажет; 🟦

жылу электр стансаларындағы көмірдің нормативтік қорларын қаматамасыз етіп, газ электр стансалары үшін газды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету қажет; 🟦

Жамбыл ГРЭС-ін жеткілікті көлемде отынмен, салқындатқыш сумен қамтамасыз ету мәселелерін алдын ала шешу қажет.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале