5.05.2026, 14:30
Оқылды: 28

Еліміздегі ең ірі кеме Каспийге аттанды

 

Оралда Отан қорғаушы күніне орай еліміздегі ең ірі кеме суға түсірілді. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, Президент тапсырмасы бойынша ҚР Қорғаныс министрлігінің тапсырысы аясында жүзеге асырылған маңызды жобаның сәтті аяқталуымен құттықтады.

WhatsApp Image 2026-05-05 at 14.30.54

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздің қорғаныс қабілетін күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді. Бүгін «Зенит» зауыты ұжымының кәсіби шеберлігі мен адал еңбегінің арқасында еліміздегі ең ірі кемені суға түсіріп отырмыз. Корабльге мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді. Экипаж қорғаныс әлеуетін күшейтуде қалтқысыз қызмет етеді деп сенемін, сәттілік тілеймін!, - деді Нариман Төреғалиев.

WhatsApp Image 2026-05-05 at 14.30.54 (1)

Зауыт жасап шығарған 37-інші су көлігінің салмағы – 720 тонна. Жүк тасымалдауға арналған трюмнің көлемі – 30 текше метр. «Орал «Зенит» зауыты» АҚ бас директоры Виталий Каплуновтың айтуынша, кеменің жылдамдығы 16 түйінге дейін жетеді. Ұзындығы – 51 метр, ені – 9,5 метр. 8 балдық дауылға шыдас береді. Жобаны жүзеге асыруға зауыт жұмысшылары түгел атсалысты.

WhatsApp Image 2026-05-05 at 14.30.55 (2)

Көпфункционалды кеме ҚР әскери теңіз күштерінің кемелері мен катерлерін дизельдік отын, ауызсу, азық-түлік және өзге де материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге бағытталған. Жеке құрам отыз шақты адамнан тұрады. Экипаж үшін қолайлы жағдай жасалған.

WhatsApp Image 2026-05-05 at 14.30.56

Су көлігі теңізге шыққанға дейін көпір астынан өтуге тура келеді. Сондықтан алып кеменің діңгегі Ақтау айлағында орнатылады.

WhatsApp Image 2026-05-05 at 14.30.57 (2)

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

WhatsApp Image 2026-05-05 at 14.30.55 WhatsApp Image 2026-05-05 at 14.30.55 (1)

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале