6.05.2026, 15:30
Оқылды: 12

Жүргізушілерге жақсы жаңалық: Қыста көлікті қыздыру ережесі өзгеруі мүмкін 

ІІМ бұл ұсынысты қолдайтынын мәлімдеді. Мәжіліс депутаты Дмитрий Колода көлікті қыс мезгілінде қыздыруға қатысты тыйымды алып тастауды ұсынды. Бұл мәселе Мәжілісте қаралып жатқан заң жобасы аясында көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Hands operating the car's center console and touching the LCD screen, combined with the car's streamlined interior layout, create a practical and convenient driving scene. The image focuses on hand movements interacting with the car's in-car interface, conveying a sense of intelligent car technology. This image is suitable for themes such as automotive technology, in-car systems, and driving life, and details of human-vehicle interaction, adding a sense of realism to car-related content.

Сурет: istockphoto

 Депутаттың айтуынша, бір жыл бұрын көлікті ұзақ уақыт қыздырғаны үшін айыппұл салу нормасы қоғамда үлкен пікірталас тудырған.

"Осыған байланысты түрлі ұсыныстар айтылды. Қазіргі заң жобасы аясында біз елді мекендерде қыста көлікті қыздыруға қойылған тыйымды толық алып тастауды ұсынып отырмыз. Алайда арнайы белгі қойылған тұрғын аймақтарда шектеулер сақталады", – деді Колода.

Бұл сұраққа жауап берген Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов осы ұсынысты ведомство қолдайтынын айтты.

"Бұл мәселе жұмыс топтарында қаралды. Ішкі істер министрлігі ұсынысты қолдайды", – деді ол.

Енді ұсыныс қабылданса, қыс мезгілінде жүргізушілер үшін талаптар жеңілдеуі мүмкін.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале