Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінде Отан қорғаушылар күніне орай және «Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясында «Сарбазға прокурорлық кеңес» тақырыбында республикалық акция өтті.

Іс-шараға Орал гарнизонының әскери прокуроры мен прокуратура органдарының ардагерлері қатысып, әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысты. Сапар барысында казармалар мен асхана қаралып, әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына ерекше назар аударылды.

Ардагерлер жеке құраммен кездесіп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әскери қызметшілердің өзекті сауалдарына жауап беріліп, заң талаптарын сақтау, әскери тәртіпті нығайту және құқықтық мәдениетті арттыру бағытында тәжірибелік ұсынымдар айтылды.

Шара әскери қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, тәртіпті нығайтуға және күнделікті қызмет барысында заң талаптарын қатаң сақтаудың маңызын терең түсіндіруге ықпал етті.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі