Бөкей хандығының 225 жылдығы және 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған мемлекеттік қызметшілер арасындағы волейболдан Бөкей ордасы ауданы әкімі Кубогы турнирі өз мәресіне жетті.

Шеберлік пен ептілік сыналған тартысты турнир қорытындысында І орын БҚО әкімдігі командасына, ІІ орын Ақжайық ауданы әкімдігі командасына, ІІІ орын Жәнібек ауданы әкімдігінің командасына бұйырды.

Жалпы командалық көрсеткішпен қатар жеке жетістіктер де назарсыз қалмады.

Сайыс барысында облыс әкімдігі командасының ойыншысы Асланбек Бауен «Үздік ойыншы», жәнібектік Ернар Ерланов «Үздік шабуылшы», шыңғырлаулық Сағатқали Шагиров «Үздік байланыстырушы», ақжайықтық Азамат Үмбеталиев «Үздік тосқауыл қоюшы» аталымына ие болды.
Еркебұлан Бисенғалиев
Бөкей ордасы ауданы
Суретке түсірген автор