9.05.2026, 19:00
Оқылды: 6

Бөкейде тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

Жеңіс күні қарсаңында Бөкей ордасы аудандық мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдері тыл еңбеккерлерінің үйлеріне арнайы барып, аудан әкімі Нұрлыбек Даумовтың атынан мерекемен құттықтады.

FB_IMG_1778333774718

Құттықтай барған қонақтар елдің дамуына үлес қосып, соғыс жылдарында аянбай еңбек еткен ардагерлерге аудан жұртшылығы атынан алғыстарын білдіріп, игі тілектерін жеткізді. Тыл еңбеккерлерінің ерлігі мен қажырлы еңбегі бүгінгі ұрпақ үшін үлкен өнеге екенін атап өтті.

FB_IMG_1778333789442

Мерекелік кездесуде тыл еңбеккерлеріне гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табысталды. Ардагерлер елдің тыныштығын, жұрттың амандығын тілеп, ризашылықтарын білдірді.

FB_IMG_1778333785628

Анар Артықбай

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале