28.02.2017, 13:53
Оқылды: 43

Облыстық басқарма басшылары есеп берді

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен кеңесте облыстық басқарма басшыларының есептері тыңдалып, нақты тапсырмалар берілді. Онлайн тәртібімен өткен жиынға аудандардың басшылары да қатысты.


Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Серік Нұрмағамбетовтің айтуынша, облыста 122 кооператив мал шаруашылығы, бір кооператив өсімдік шаруашылығы бағытында құрылуда. 122-нің 98-і тұқым түрлендірумен, алтауы мал бордақылаумен, біреуі сүт бағытында, 12-сі мал бордақылаумен әрі тұқым түрлендірумен айналыспақ.

Кеңес барысында басқарма басшысының 8 ауданда 12 кооператив құрылып, төрт аудан қамтылмай отыр деген ақпараты расталмады.

- Жәнібекте нөл дейсіз, онда 10 кооператив ашылды дейді. Аудан әкімдерінің есебінде мүлде басқа ақпарат. Мәселен, Бөкей ордасы ауданында екі кооператив құрылған, екі мал бордақылау алаңы ашылмақ. Бөрлі ауданында бір, Шыңғырлауда 10 кооператив құрылған. Ауыл шаруашылығы басқармасы есепке дайын емес. Аудан әкімдерімен неге жұмыстанбағансыз?- деген облыс басшысы басқармаға бір күнде аудандармен байланысып, ақпараттарды нақтылауды тапсырды.

         Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

«Орал өңірі»

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале