13.05.2026, 17:15
Оқылды: 12

Қазталовта «Далалық оқу-жаттығу» жиыны басталды

Қазталов ауданында мектеп оқушыларына арналған «Далалық оқу-жаттығу» жиынын биыл да жылдағыдай ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты — жасөспірімдердің бойында ұлтжандылық рухты ояту, әскери тәртіпке баулу және Отанға деген адалдық сезімін қалыптастыру.

image-13-05-26-03-29-1

Табиғат аясындағы оқу-жаттығу оқушыларды төзімділікке, ұйымшылдыққа, батылдық пен жауапкершілікке тәрбиелейді. Мұнда оқушылар саптық дайындық, әскери жаттығулар, спорттық сайыстар мен тактикалық тапсырмалар арқылы тәжірибе жинақтайды.

image-13-05-26-03-29-2

Жиынның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Серік Ерболатұлы сөз сөйлеп, жастар тәрбиесі мен патриоттық рухтың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы, подполковник Есжан Қалдыбайұлы жас буынның әскери дайындыққа деген қызығушылығы артуы қажет екенін атап өтті.

image-13-05-26-03-29

Сондай-ақ ардагер ұстаз Самат Матайұлы мен лагерь басшысы Бауыржан Жанайдарұлы оқушыларды елін сүйетін, намысты ұрпақ болуға шақырды.

 

Жұлдыз Асқар,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале